2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау маңында болған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағы апаты бойынша Әзірбайжан мен Ресей келісімге келді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Екі елдің сыртқы істер министрліктері таратқан бірлескен мәлімдемеге сәйкес, тараптар апат салдарын толық реттеуге, соның ішінде өтемақы төлеуге уағдаласты.
Құжатта ұшақтың Ресей әуе кеңістігінде әуе қорғаныс жүйесінің абайсыз әрекеті салдарынан құлағаны көрсетілген.
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Ресей өтемақы төлейді
Фото: ЖИ ChatGPT