МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

Автор суреті

Қазақстан Республикасының алдағы жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жаңа бағдарламалық құжатының жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.
Іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары, қоғам, өңірлік кәсіпкерлер палатасының, жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.
Талқылау барысында қазіргі заман талаптарын ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастырудың негізгі тәсілдері мен бағыттары қарастырылды.
МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы  Ж.Сәрсен әзірленіп жатқан стратегиялық құжаттың басым бағыттарын айқындап, мемлекет пен қоғам күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ қатысушыларды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысуға және халықтың әртүрлі топтары арасында ұсыныстар жинауға шақырды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға құжатты жетілдіру барысында ескеру үшін өз ұсыныстары мен бастамаларын Департаментке жолдау ұсынылды