Павлодарда 2 мыңнан астам білім беру қызметкерінің жеке деректері таралып кеткен

Фото: Life09

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік сатып алу порталында қала мектептерінің медициналық тексеру бойынша қызметтерді сатып алуы туралы хабарландыру орналастырылған.

Осы ретте 28 білім беру ұйымы өз қызметкерлерінің дербес деректерін көрсеткен.

Прокуратура білім беру саласының 2 065 қызметкерінің дербес дерегін ашық көздерден алып тастады.

Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.