Қарағанды облысының тұрғындарын ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевпен өтетін кездесуге шақырады. Кездесу 15 мамыр күні Теміртаудағы Қарағанды индустриялық университетінің ғимаратында (Республика даңғылы, 30) өтеді.
Кездесу сағат 10:00-де басталады. Тұрғындармен жүздесуден кейін азаматтарды жеке қабылдау да жоспарланған.
Жеке қабылдауға 14 мамырды қоса алғанға дейін 8-778-592-39-55 телефоны немесе s.bulkebaeva@ecogeo.gov.kz электрондық поштасы арқылы жазылуға болады.