18 мамыр күні Атырауда отбасы мүшелерін түгел өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі басталады. Сот отырысы сағат 11:00-ге белгіленген, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Істі өмір бойына бас бостандығынан айыру жазаларын шығарған тәжірибесімен танылған судья Зарема Хамидуллина қарайды.
Айта кетейік, бұған дейін ол Яна Легкодимова ісін жүргізіп, сол іс бойынша айыпталушылар өмір бойына сотталған болатын.
Атыраудағы атышулы қылмыс: отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікті сот алдына келеді
Фото: Life09