Қарағандылық өнерсүйер қауым үшін айтулы оқиға! Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің аңызға айналған «Абай» операсы алғаш рет концерттік форматта орындалады.
Бұл — Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бірлескен ауқымды жобасы. Консерватория түлектері өздерінің дипломдық жұмыстарын Қарағанды театрының хоры мен оркестрімен бірге, түпнұсқа тілінде ұсынады.
Қойылымның басты ерекшелігі қандай?
Концерттік формат көрерменге ешқандай артық декорациясыз, тек қана музыканың сиқыры мен орындаушылардың таза, қуатты дауысын терең сезінуге мүмкіндік береді. Халықтық әуендер мен еуропалық классиканың үндестігін жүрекпен қабылдайтын сәт!
Қашан: 29 мамыр, сағат 18:30
Қайда: Кеншілер мәдениет сарайы
Қазақ музыка мәдениетінің інжу-маржанынан сусындап, ерекше кештің куәсі болыңыздар! Билеттерді театр кассаларынан сұрауды ұмытпаңыздар
Қарағандыда тұңғыш рет: «Абай» операсы ерекше форматта
Фото: Life09