Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі stankznews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық Банк 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициентінің (КБК) шекті мәнін белгілеуді жоспарлап отыр.
КБК қарыз алушының берешек мөлшерін оның жылдық кірісінің саны арқылы көрсетеді.
Қарыз алушының жалпы берешегі бойынша КБК-ның шекті деңгейін жылдық 8 табыс көлемінде белгіленбек.
Сонымен қатар, автонесиелеу, ипотекалық және тұтынушылық қарыздар сегменттерін жеке кредит түрлері бойынша шектеулер белгілемей-ақ мониторингтеуді жалғастырады.
Қазақстанда несие алушының табысына қарай қарыздың шекті мәні енгізіледі
Фото: Life09