Қарағанды облысында гараждардың бірінде өрт шығып, бозбала көз жұмды

Фото: Life09

Қайғылы оқиға Шахтинск қаласындағы гараждардың бірінде болған.

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігігі sputnik_aitady-ға сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖД мәліметінше, өрт орнынан 18 жастағы бозбаланың мәйіті табылды.

Сондай-ақ күйік белгілері бар 18 және 17 жастағы екі адам ауруханаға жеткізілді.
 

«Алдын ала болжам бойынша, гараж ішінде бензинді құю кезінде ашық от көзінің әсерінен жанғыш сұйықтық булары тұтанып кеткен», - дейді құтқарушылар.



Өрттің жалпы аумағы 20 шаршы метрді құрады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.