Қарағандылық спортшылар Азия чемпионатынан 13 медальмен оралды

gov.kz

Түркістанда өткен байдарка мен каноэде есу бойынша жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қарағандылық спортшылар 13 медаль жеңіп алды.

Өңір қоржынына 7 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлде түсті. Чемпионатқа 17 елден 350-ге жуық спортшы қатысты.

Жарыстың басты қаһармандарының бірі болған Дмитрий Холмогоров үш алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алып, Азия ойындарына жолдама алды.