Қазақстанда антибиотиктерді рецептісіз сатып алу қиындайды

gov.kz

Қазақстанда антибиотиктердің бақылаусыз сатылуына қарсы талаптар күшейтіледі. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кей дәріханалар мен онлайн-платформаларда бұл дәрілер әлі де рецептсіз сатылып келеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа шаралар аясында антибиотиктерді рецептсіз сатуға бақылау күшейтіліп, дәрілерді таңбалау жүйесі кеңейтіледі. Сондай-ақ зертханалар жаңартылып, мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізіледі.

Мамандардың айтуынша, антибиотиктерді дәрігердің кеңесінсіз қолдану микробтардың дәріге төзімділігін арттырып, емдеу тиімділігін төмендетеді.