Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерінің жанқиярлық еңбегіне алғыс білдірді

Фото: Aqorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесіп, олардың халық денсаулығын сақтау жолындағы кәсіби қызметі мен адал еңбегін жоғары бағалады.

Салтанатты рәсім барысында бірқатар медицина қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы марапат иелерімен бірге естелік суретке түсті.