Солтүстік Қазақстан облысында әкесін ұрып-соғып, оны видеоға түсірген ер адам ұсталды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тараған.
Кадрларда ер адамның қарт әкесіне балағат сөздер айтып, күш қолданғаны көрінеді. Полиция Бірлік ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғады.
Сонымен қатар ол қоғамдық тәртіпті бұзып, бейәдеп сөздер айтқаны үшін бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ер адам профилактикалық есепке қойылып, оған қорғау нұсқамасы шығарылды. Оны бұзған жағдайда қосымша жаза қарастырылған.
Дереккөз: @sputnik_aitady
Солтүстік Қазақстанда әкесін соққыға жыққан ер адам қамауға алынды
Фото: ЖИ ChatGPT