«Алтын Емел» ұлттық паркінің аумағында құландар фототұзаққа түсіп қалды. Құлан – атқа да, есекке де ұқсайтын, бірақ жеке түрге жататын сирек жануар.
Ол шөл және жартылай шөлді аймақтардың табиғатына жақсы бейімделген. Құландар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Мамандардың айтуынша, бір кездері жойылып кету қаупінде болған жануарлардың саны бүгінде ұлттық парктегі қорғау шараларының арқасында артып келеді.
Дереккөз: @sputnik_aitady
Алтын Емелде сирек кездесетін құландар фототұзаққа түсіп қалды
Фото: ЖИ ChatGPT