Алматы облысында жол бойына ағаш құлап, екі жеңіл көлікке зақым келді. Оқиға 27 маусым күні Еңбекшіқазақ ауданының Еңбек және Қырбалтабай ауылдарының арасындағы автожолда болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар ағаштың екі автокөлікті басып қалғанын анықтаған.
Салдарынан зардап шеккендер жедел жәрдем қызметінің көмегімен медициналық мекемеге жеткізілді.
Алматы облысында ағаш құлап, екі көлік зақымданды: Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді
Фото: ЖИ ChatGPT