Астанадағы ескі вокзалда асхана төбесінің бір бөлігі опырылды

Фото: ЖИ ChatGPT

Астанадағы ескі теміржол вокзалында орналасқан асхананың төбесінің бір бөлігі опырылып түсті. Оқиға 28 маусым күні таңертең болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға кезінде асхана ішінде шамамен 8–9 адам болған. Келушілердің басым бөлігі сыртқа шығып үлгерген. Салдарынан бір әйел жеңіл жарақат алған.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы оқиғаның вокзал аумағындағы «Ертас» ЖШС-не тиесілі қоғамдық тамақтану орнында болғанын растады. Ресми мәліметке сәйкес, екі адам медициналық көмекке жүгінген.

Компанияның хабарлауынша, аталған ғимарат 2002 жылдан бері жеке меншікке тиесілі болғандықтан, оны күтіп-ұстауға және пайдалануына «ҚТЖ» жауапты емес.