Сенат Конституция күніне орай жарияланған әкімшілік рақымшылық туралы заңды мақұлдады. Құжат күшіне енген жағдайда, 2 370 адам мен жеке кәсіпкердің әкімшілік айыппұлдары кешіріледі, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, рақымшылық аясында 448 жеке тұлға мен 1 930 жеке кәсіпкердің жалпы көлемі 298,4 миллион теңгені құрайтын айыппұлы есептен шығарылады.
Бұл рақымшылық заңды тұлғаларға, лауазымды адамдарға, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды. Сондай-ақ салық заңнамасын бұзу, салық төлеуден жалтару және салық міндеттемелерін төмендетуге қатысты құқық бұзушылықтар рақымшылыққа енгізілмеген.
Қазақстанда 2 мыңнан астам адам әкімшілік айыппұлдан босатылуы мүмкін
Фото: Life09