Ақтөбе тұрғыны интернет арқылы 1000 теңгеге кастет сатып алғаны үшін сотталды.
Сот мәліметінше, ер адам қытайлық маркетплейстен тапсырыс берген затын өзімен бірге алып жүрген. Полиция қызметкерлері тексеру кезінде кастетті анықтап, сараптама оның заң бойынша суық қару екенін растаған.
Сот шешімімен азаматқа 40 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды.
Дереккөз: Stan.kz
Ақтөбелік тұрғын интернеттен сатып алған кастет үшін сотталды
Фото: ЖИ ChatGPT