25 жыл түрмеде отырған ер адам жаңа қылмысқа күдікке ілінді

Фото: ЖИ ChatGPT

Петропавлда аса ауыр қылмыстары үшін 25 жыл түрмеде отырған ер адам бостандыққа шыққаннан кейін тағы бір қылмысқа күдікке ілінді.

Тергеу мәліметінше, ол қала маңындағы орман алқабында 54 жастағы әйелге шабуыл жасап, сексуалдық сипаттағы әрекет жасауға әрекеттенген. Жәбірленуші полицияға хабарласқаннан кейін күдікті көп ұзамай ұсталды.

Қазіргі уақытта ол екі айға қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, оған 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Дереккөз: Stan.kz