Нұрай Серікбайдың ісі бойынша сот отырысы кейінге шегерілді

Фото: stankznews Telegram арнасынан алынды

Нұрай Серікбайдың ісі бойынша бүгін басталуы тиіс сот процесі кейінге қалдырылды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі stankznews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметке сәйкес, сотталушы Шерхан Аймаханның денсаулығына байланысты сот отырысын кейінге қалдыру туралы шешім қабылданған. Әзірге келесі сот отырысының нақты өтетін күні белгісіз.