Абай облысында 6 жасар бала сіріңкемен ойнап, салдарынан көлік өртенген

Сурет: sputnik_aitady телеграм арнасынан алынды

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Семейлік полицейлер тұрғын үй ауласында болған көлік өртінің мән-жайын анықтады.

Тексеру барысында бейнебақылау камералары зерттелді.

Полиция мәліметінше, балалардың бірі сіріңкемен көліктің жанындағы құрғақ шөпті тұтатқан.

Жалын тарала бастағанда қорқып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Енді баланың ата-анасы автокөлік иесіне материалдық шығынды өтейді.