Желіде тараған ақпарат бойынша қоқыс жәшігінен әйелдің бөлшектелген мәйіті салынған бірнеше қап табылған.
Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқиғаның мән-жайы мен қылмысқа не себеп болғаны тергеу барысында анықталады, дейді полицейлер.
Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің бөлшектелген денесі табылды
Сурет: Life09