Атырау облысында түн ортасында жоғалған бүлдіршінді полицей 10 минут ішінде іздеп тапты

Сурет: Life09

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

25 шілде күні сағат 00:30 шамасында Махамбет аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Алмас Қамидоллин қызмет атқару барысында кішкентай қыздың жоғалғаны туралы хабарлама алды.

Хабарлама түскен сәттен бастап уақыт оздырмай іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Полицей жақын маңдағы көшелер мен аулаларды, қоғамдық орындарды және өзге де ықтимал бағыттарды мұқият тексеріп, жедел іздеу шараларын жүргізді.

Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде бүлдіршін 10 минут ішінде аман-есен табылып, ата-анасына тапсырылды.