Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Үкімет отырысында энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту бойынша ұлттық жобаны орындау барысы қаралды.
Сол кезде қаржыландыру рәсімін созып жіберген өңірлер аталды. Олардың ішінде Алматы облысы да бар.
Бектеновтің айтуынша, осы аймақта ұлттық жобаға қатысты келісімшарттар әлі күнге дейін жасалмаған.
«Сізді тыңдасақ, сізден басқаның бәрі кінәлі. Тездетіңіздер», - деді Бектенов.
«Сізден басқаның бәрі кінәлі»: премьер-министр Алматы облысының әкіміне қатаң ескерту жасады
Сурет: Life09