"Полиция 15-20 жылға сотталатынын айтып, арыз жаздырмай қойған"

Сурет: Life09

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі stankznews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрай Серікбайдың ата-анасы сотта куәлік берді. Марқұмның әкесі айыпталушының “Нұрай өз еркімен бірге кетті” деген сөзін жоққа шығарды. Оның айтуынша, күдікті қызды күштеп көлікке отырғызып, телефонын тартып алып, Алматыдан алып кеткен.

Сосын Нұраймен 12-13 сағат байланыс болмапты. Ал кейін Нұрай өзін қорқытып, еркінен тыс ұстап отырғанын жеткізген. Ол әкесіне телефон арқылы: «Әке, мұнда бәрі менің еркімнен тыс болып жатыр. Келіп алып кетіңізші» деп көмек сұрапты.

Әкесінің айтуынша, кейін полиция шақырылғанымен, оқиғаға қатысы бар адамдарға ешқандай шара қолданылмаған.