Дауыс үшін тартыс жалғасуда: партиялар не ұсынып отыр

Сурет: ЖИ

Бірі таңғы жүгіруге шықса, енді бірі қоғамдық тыңдау өткізіп, ауыл-аймақты аралап жүр. Ал кей партиялар кәсіпкерлердің мәселелерін талқылап, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен кездесуде.
«Әділет» партиясы Солтүстік Қазақстанда тұрғындармен кездесіп, ауылдарды дамытуға 100-ге жуық ұсыныс жинады, кейін футбол матчын тамашалады.

ОСДП Қарағандыда азаматтық тыңдау өткізіп, ТКШ реформасы, кибералаяқтықпен күрес, экология және қала инфрақұрылымын жақсарту мәселелерін көтерді.

«Байтақ» партиясы экологиялық акциялар ұйымдастырып, таза ауа, су және қоршаған ортаны қорғауды насихаттауды белсенді түрде жалғастырды.

«ҚХП» Бүгін spina bifida диагнозы бар балалардың отбасыларымен кездесіп,медициналық-әлеуметтік қолдау көрсету мәселелерін жан-жақты талқылады.

«Ауыл» Ақмола облысында ауыл тұрғындарымен кездесіп, фермерлерді қолдау, ауыл шаруашылығын дамыту, жұмыспен қамту инфрақұрылым мәселелерін қарастырды.

«Ақ жол» партиясы сайлауалды жұмыстарын подкасттар, велошерулер және өңірлердегі кездесулер арқылы белсенді түрде жалғастырды әрі нәтижелі жалпы.

Respublica кәсіпкерлермен кездесуде ОСДП-ның төрт күндік апта ұсынысын сынап, бизнеске қосымша шығындар ескерілмегенін айтты деп мәлімдеді.