Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі 112 Qaragandy-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Өткен түні Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданындағы Панфилов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шықты. Өрт үйдің шатырына, веранданың ағаш конструкцияларына, терезе мен есік блоктарына, сондай-ақ жапсарлас құрылыстың ішіндегі мүлікке таралды.
Өртті сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері верандадан көлемі 27 литрлік газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, жарылыс қаупінің алдын алды.
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ жеке тұрғын үйлердің иелерін өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға, электр желілерінің жарамдылығын тұрақты тексеруге және газ баллондарын белгіленген талаптарға сәйкес сақтауға шақырады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.
Қарағанды облысында құтқарушылар ықтимал жарылыстың алдын алды
Сурет: Life09