«Іле-Балқаштағы жолбарыс» фотосы жалған болып шықты

Фото: ЖИ

Әлеуметтік желілерде «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында табиғатқа жіберілген жолбарыс түсірілді деген ақпаратпен тараған фотосурет шындыққа сәйкес келмейді.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, суретте жасанды интеллект (AI) арқылы жасалған болуы мүмкін белгілер анықталған.

Ведомство тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды.

Дереккөз: BAQ.KZ