«Әділет» партиясы ауыл тұрғындарымен кездесіп, жол, ауызсу, байланыс, жастар жұмысы және ауыл шаруашылығы мәселелерін талқылады.
«ЖСДП» теледебат қорытындысын талқыланды және төрт күндік жұмыс аптасына көшу бастамасы төңірегіндегі пікірталасқа жауап берді.
«Байтақ» партиясы
Петропавл, Жетісу, Алматы, Шымкент және Ақтөбе өңірлерінде экология, өндіріс, медицина, экотуризм мәселелерін көтерді.
«ҚХП» еңбек ұжымдарымен кездесіп, жұмыспен қамту, жалақы, кадр тапшылығы, еңбек қауіпсіздігі және әлеуметтік мәселелерді талқылады.
«Ауыл» партиясы
Қарағанды облысында аграрлық секторды қолдау, сондай-ақ инфрақұрылым және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуды талқылады.
«Ақ жол» партиясы
Алматы мен Түркістан облыстарында кәсіпкерлік, өндірісті дамыту, медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру мәселелерін көтерді.
«Respublica» партиясы
Шымкент пен Түркістан облыстарындағы кәсіпорындарда өндіріс, экспорт, цифрландыру, жасанды интеллект, әлеуметтік бастамаларды талқылады.