Қайғылы оқиға Наурызбай ауданындағы Alma City тұрғын үй кешенінде болған.
Марқұм қыз құрбыларына қонаққа барған. Анасының айтуынша, телефон арқылы сөйлескен кезде қыздардың алкоголь ішіп отырғанын білген.
Куәгерлердің сөзінше, қыз жігітіне хабарласып, өзін алып кетуін сұраған. Жігіті келгенімен, пәтерге көтеріліп үлгермей, бойжеткен терезеден құлап кеткен.
Алматы полициясы аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Дереккөз: Stan.kz
Алматыда 17 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап көз жұмды
Фото: ЖИ ChatGPT