Мәдени мұра, экология және өндіріс: партиялар 10 тамыздағы науқанын неге арнады

Сурет: ЖИ

«Әділет» партиясы:
Абай облысында тұрғындармен кездесіп, тұрғын үй, медицина, азық-түлік қауіпсіздігі, инфрақұрылым және жасанды интеллект мәселелерін талқылады.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия:
Астанада гендерлік теңдікке арналған форум өткізіп, демократия, гендерлік квота және әйелдер құқықтарын қорғау мәселелерін көтерді.

«Байтақ» партиясы:
Өскеменде сенбілік өткізіп, 140 қап қоқыс жинады. Сонымен қатар экотуризм мен табиғатты қорғау мәселелерін талқылады.

Қазақстан халық партиясы:
Медицина қызметкерлерімен кездесіп, еңбек жағдайы мен ауылдағы медициналық көмектің қолжетімділігін талқылады және партиялық жобасын таныстырды.

«Ауыл» партиясы:
Шығыс Қазақстанда кәсіпкерлермен, экологтармен және ата-аналармен кездесіп, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және әлеуметтік маңызды мәселелерді талқылады.

«Ақ жол» партиясы:
Батыс және солтүстік өңірлерде кездесулер өткізіп, тұрғындардың ұсыныстарын жинады. Сапар барысында жаңа партияға мүшелер қабылданды.

«Respublica» партиясы:
Маңғыстау мен Жетісуда кәсіпорындарға барып, отандық өндіріс және еңбек жағдайы, импортқа тәуелділік мәселелерін кеңінен талқылады.