Қазақстанда балаларды бірінші сыныпқа қабылдау жалғасуда. Бұл туралы Оқу ағарту министрлігі хабарлады.
Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде. Бүгінде болжанған бала санының 320 мыңға жуығы, яғни шамамен 84%-ы мектептерге қабылданды.
Қалалық мектептерге 191 мыңға жуық, ауылдық мектептерге 128 мыңға жуық бала қабылданды. Сондай-ақ білім беру ұйымдарына ерекше білім беру қажеттіліктері бар 4 мыңға жуық бала қабылданды.
Ведомства мәліметінше, алғаш партаға отыратындар Түркістан, Алматы облыстары мен Астанада көп.