Алматыда полицейлер перзентханаға бара жатқан әйелге жолда босануға көмектесті.
Кезекшілік кезінде тәртіп сақшыларына тұрғын хабарласып, көршісінің жағдайы күрт нашарлағанын айтқан. Оқиға орнына жеткен полицейлер әйелді қызметтік көлікке отырғызып, перзентханаға қарай жолға шыққан.
Алайда жолда әйелдің толғағы басталған. Полицейлер жедел әрекет етіп, қызметтік көліктің ішінде босандырып алған.
Нәтижесінде дүниеге ұл бала келген. Ана мен баланың жағдайы жақсы.
Дереккөз: Stan.kz
Полиция қызметкерлері қызметтік көлікте әйелді босандырып алды
Фото: ЖИ