Бүгін - мыңдаған бүлдіршін үшін балалықтан үлкен арманға бастайтын жаңа жолдың бастауы. Биыл Қазақстанда 380 мыңнан астам бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қадам басады.
Алғашқы қоңырау үнімен бірге олар үшін жаңа орта, жаңа достар, тың білім мен үлкен мүмкіндіктерге толы кезең басталады.
Бірінші сынып оқушыларының 71%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, 2,5%-ы өзге тілдерде білім алады.
Барша оқушыға жаңа оқу жылында сәттілік, толағай табыс пен биік жетістіктер тілейміз! Ал бар білгенін шәкіртіне үйретіп, жүрегіне білім шырағын жағатын ұстаздарға шығармашылық шабыт, қажымас қайрат пен мол қуат тілейміз!
Жаңа оқу жылы жарқын жаңалықтар мен үлкен жетістіктерге толы болсын!