Шахтинск қаласында «Қауіпсіз интернет» акциясы өтті

Сурет:

Шахтинск қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері аула аралау форматында «Қауіпсіз интернет» профилактикалық акциясын өткізді.

Акция барысында бұрын құқық қорғау органдарының назарына іліккен және жергілікті профилактикалық іс-шаралар аясында профилактикалық есепте тұрған азаматтармен мекенжай бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілді.

Кездесулер барысында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтан қорғанудың негізгі тәсілдерін түсіндіріп, алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы айтып берді. Сондай-ақ азаматтарға жеке және банк деректеріне мұқият болу, бөгде адамдарға SMS арқылы келген кодтарды хабарламау және күмәнді сілтемелерге өтпеу қажеттігі ескертілді.

Мұндай аула аралау жұмыстары азаматтарды цифрлық қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттандырумен қатар, профилактикалық жұмысты тұрғындардың тұрғылықты жері бойынша жүргізуге және қосымша профилактикалық назарды қажет ететін азаматтарға көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.