Елена Рыбакинаға әлемнің бірінші ракеткасы трофейі табысталды

Сурет: WTA

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде алғаш рет көш бастағаннан кейін арнайы «Крис Эверт трофейін» алды.

Күміс теннис добы түріндегі жүлде WTA тарихындағы тұңғыш әлемнің бірінші ракеткасы Крис Эверттің құрметіне аталған. Америкалық теннисші рейтинг шыңында жалпы 260 апта тұрған.

Крис Эверт Рыбакинаны US Open турниріндегі жеңісімен де құттықтады. Ал қазақстандық теннисші Нью-Йоркте трофеймен фотосессия жасап, CBS Mornings таңғы бағдарламасына қонақ болды.