Республика күніне орай ауқымды жеңілдіктер: Қазақстанда Republic Day және Bereke Fest акциялары басталды

Сурет: ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі

Республика күні қарсаңында еліміздемерекелік жеңілдіктернауқаны өтеді. 17 қазаннан Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, басқа да өңірлерде Republic Day және BerekeFest республикалық акцияларыбасталды, мұнда тұтынушыларға төмен бағамен тауарлардың  біраз түрі ұсынылған. Кейбір өнімдерді 10%-дан 50%-ға дейінгі жеңілдіктермен сатыпалуға болады. 

Мерекелік ұсыныстардың ең қарқынды кезеңі 21-27 қазан аралығында болады деп күтілуде.Акциялық бағдарламалар, арнайы баға мен мерекелікжеңілдіктердің басымбөлігі дәл осы күндері өтеді. Тұтынушылар азық түлік және азық түлік емес тауарларды тиімді бағамен сатыпалу мүмкіндігіне ие болады. 

Ауқымды сатылымдар еліміздің үш мегаполисі мен басқа да өңірлерінің танымалсауда орталықтарында өтеді.Мәселен, Астанада Republic Dayакциясына «MEGA Silk Way», «Хан Шатыр», Алматыда  «MEGA Alma-Ata», «MEGA Park» және «Forum Almaty», Шымкентте - «Mega Planet» пен «Shymkent Plaza» сауда орталықтары қатысады. Ал Bereke Festаясындағыарнайы ұсыныстар«Magnum», «SMALL», «Астықжан» және «GraMad» сауда желілерінің дүкендерінде қолжетімді болады.

Жалпы республикалық науқанның бастамашылары- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар. 

Аталмыш акциялар ұлттық мерекегеорай өткізіліп, халыққа қажетті тауарларды қолжетімді етіп, тұтынушылық сұранысты қолдауға, әріішкі саудаға қосымша серпін беругебағытталған. Сонымен қатар отандық өндірушілерді қолдап,  өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге баса назар аударылды. 

Мерекелік сатылымдарға қандай сауда орталықтары мен дүкендер қатысатынын жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) ресмиинтернет-ресурстарынан білугеболады.

Republic Day және Bereke Fest акциялары 27 қазанға дейін жалғасады.