Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында су ресурстарын тиімді пайдалану мен ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық берді.
Атап айтқанда, су үнемдеу технологияларын енгізу, ысырапты азайту және суармалы егіншілікті дамыту міндеттелді. Сонымен қатар, агрологистиканы жетілдіріп, өнімді сақтайтын және өткізетін заманауи жүйелер құру қажеттігі айтылды.
Президент отандық өндірісті өркендетіп, өнімді терең өңдеуге ерекше мән беру керектігін атап өтті. Бұл ретте жаңа кәсіпорындар ашып, ел экономикасына нақты үлес қосатын жобаларға басымдық берілуі тиіс.