Медицина мамандарын қолдау – әлеуметтік саясаттың маңызды бағыты

Фото:«Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі

Медицина қызметкерлерінің кәсіби әлеуеті, медициналық көмектің қолжетімділігі және ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарының мүмкіндігі – әлеуметтік саясаттағы өзекті бағыттардың бірі.

1

Осы мәселелер Бұқар жырау ауданының аудандық ауруханасында өткен кездесуде талқыланды. Жүзге жуық медицина қызметкері қатысқан басқосуға «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидаттар Александр Куприенко, Саят Бакиров, Рустам Танишпеков және Аяжан Мақан қатысты. Олар партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

1

Кездесуде денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, медициналық қызмет сапасын арттыру, білікті мамандарды қолдау және ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.

Медицина саласының өкілдері үшін жұмыс жағдайы мен кәсіби дамуға мүмкіндік жасау да маңызды. Өйткені медициналық қызметтің сапасы тек инфрақұрылымға емес, білікті кадрлардың жеткілікті болуына және олардың еңбек етуіне қолайлы жағдай қалыптастыруға да байланысты.

Жиын барысында кандидаттар аталған бағыттардың партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған басымдықтармен сабақтас екенін атап өтті. Кездесу соңында медицина қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, салаға қатысты пікірлерін білдірді.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Б.Қ. Алтынбеков. Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.