Президент Жолдауында Қазақстан экономикасын дамытуға қатысты негізгі міндеттерді айқындады. Әсіресе, шикізатты терең өңдеу, еңбек өнімділігін арттыру және отандық кәсіпорындарды қолдау мәселелеріне басымдық берілді.
Мемлекет басшысы ірі инфрақұрылымдық жобаларға қажетті құрылыс материалдарын, металл конструкциялары мен инженерлік жабдықтарды елімізде өндіру керектігін атап өтті. Сондай-ақ, Ұлттық қор қаражаты импортты қаржыландыруға жұмсалмауы тиіс екенін айтты.
Өнеркәсіпті дамыту үшін озық технологияларға ие жетекші отандық және шетелдік компанияларды тарту жоспарланып отыр. Ал, инвестиция тиімділігі жаңа өндіріс орындарының саны мен сапасына, сондай-ақ олардың Қазақстан экономикасына қосқан нақты үлесіне қарай бағаланатын болады.