Түркияда қазақстандық бойжеткен қамауға алынды. Оларға Түркия азаматының денсаулығына зақым келтірді деген айып тағылған, - деп хабарлады Aibat ақпарат қызметі.
Оқиға Ыстанбұл қаласындағы түнгі клубтардың бірінде болған. Қазақстандық қыздарды күзетшілер ішке кіргізбей қойған екен. Артынша олардың біреуі күзетшінің саусағын тістеп алады. Осыдан соң жанжал шыққан. Бейнекамерадағы жазбада жігіттердің біреуі қызға бірнеше мәрте қол көтергені анық жазылып қалған.
Әйтсе де, қамауға алынған қыздың достары оқиғаның басқаша болғанын айтады. Олардың хабарлауынша, сол күні күзетшілер қыздарға қырындап, телефон нөмірлерін сұраған. Артынша іс ушығып, соңы жанжалға ұласқан.
Қазіргі таңда еліміздің Түркиядағы бас консулдығы жерлесімізбен байланыста отыр екен.