3 және 4 қазанда Нұр-Сұлтанда Қарағанды және Қостанай облыстары фермерлерінің жәрмеңкесі өтеді. Сауда қатарлары "Хан-Шатыр" СОО жанындағы алаңда (Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы) орнатылады.
Екі облыстың 130-дан астам кәсіпорны өз өнімдерін сатады. Елордаға 980 тонна өнім жеткізіледі деп жоспарлануда: 150 тоннадан астам ет, 60 тонна картоп пен көкөніс, 50 тонна сүт өнімдері, 30 тонна макарон өнімдері және т. б.
Барлық өнімдер орташа нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сатылатын болады.
Қарағанды облысынан жәрмеңкеге брендтері республикада белгілі "Шахтерское", "Нәтиже", Ren Milk, Eurasian Foods, "Құлагер" және т. б. секілді кәсіпорындар қатысады.
Жәрмеңкеге келушілер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау қажеттілігін еске салады: бетперде кию, санитайзерлерді пайдалану және қашықтықты сақтау.