Ақсу-Аюлы маңындағы жол апатында 8 адам қайтыс болды: автобус рөлінде жасөспірім отырған

ашық дереккөз

8 адамның өмірін жалмаған «Алматы-Екатеринбург» тас жолындағы  жантүршігерлік жол апатына қатысты жаңа дерек анықталды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық порталының тілшісі Қарағанды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Тергеу амалдары кезінде автобус рөлінде кәмілеттік жасқа толмаған баланың отырғаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, 16 шілдеде «Мерседес Спринтер» шағын автобусы «MAN» жүк көлігімен соқтығысқан. Автобус Алматыдан елордаға 17 жолаушыны тасымалдаған. Сегіз адам қайтыс болып, тағы тоғыз адам ауруханаға жеткізілді. Белгілі болғандай, жолаушылар автобусының жүргізушісі оның жанында ұйықтап жатқанда, басқаруды кәмелетке толмаған балаға тапсырған.

Жол апатынан жүргізуші де, кәмелетке толмаған бала да қайтыс болды. Ал апаттан аман қалғандар облыстағы ауруханаларда емделуде. Зардап шеккендердің арасында Өзбекстан азаматтары да бар, олар үйлеріне қайтарылды.