Қарағанды облысында ұстаздар қызметтік пәтерлерінің кілтін алды

Қарағанды облысы әкімдігінің сайтынан

Мұғалімдер күні қарсаңында төрт педагог Саран мен Ақтаста қызметтік пәтерлердің кілттерін алды.

"Мұғалімдер күнін мерекелеу қарсаңында жалға берілетін тұрғын үйін Қарағанды облысының төрт оқытушысы алды. Пәтерлер Саран мен Ақтаста орналасқан. Тұрғын үй алғандардың арасында жас мамандар мен сұранысқа ие мұғалімдер бар", – деп жазды білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова Facebook-тегі парақшасында.

 

Қызметтік пәтер иелерінің бірі Перуза Жайықбаева болды. Ол тарих пәнінің мұғалімі, "Білім-инновация № 2" лицейінде жұмыс істейді. Оның еңбек өтілі – 18 жыл.

– Мен Қызылорда тумасымын. Қарағандыға 2007 жылы көшіп келдім. Ұзақ жылдар бойы балаларыммен бірге үй жалдадым. Мойындау керек, қиын болды. Мен оларды жалғыз тәрбиелеп отырмын. Жалға берушілер әр түрлі болды, жиі төлемдерін өсіріп жіберіп отырды, кейде ескертпестен тұрып жатқан үйімізді сатып жіберген кездер де болды, – дейді Перуза Жайықбаева. – Маған қызметтік пәтер берілгеніне қуаныштымын. Енді мен тек коммуналдық қызметтер үшін төлеймін. Бұл мұғалімдер үшін жақсы көмек.

Қызметтік пәтерлерге үміткерлерді тұрғын үй комиссиясының отырысында таңдады. Қарауға барлығы жеті өтініш шығарылды, олардың төртеуі мақұлданды. Мұғалімдермен жалдау шарттары жасалды.

Қарағанды облысы білім басқармасының меншігінле Саран және Ақтас қалаларында барлығы 24 пәтер бар. Бүгінгі таңда олардың барлығында отбасылар қоныстанған.