Қарағандыда пәтер ұрылары ұсталды

ашық дереккөз

Таңғы сағат 5 шамасында Қарағанды қалалық Полиция Басқармасына ұрлық туралы хабарлама келіп түсті. Гоголь көшесінің бойындағы пәтерлердің біріне ұры түскен, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігінің тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Оқиға орнына жедел-іздестіру тобы келді. 22 жастағы жәбірленушінің айтуынша, түнде біреу есік қағады. Танысы деп ойлаған ол, ойланбастан есікті ашқан. Екі бейтаныс жігіт қызды ұрып, үйге баса көктеп кіреді. Үй иесінен бағалы заттардың қайда тұрғанын сұраған. Қарақшылар екі телефон, алтын сақина мен 100 мың теңге көлеміндегі қаражатты қолды қылған. Жалпы келтірілген шығын мөлшері – 300 мың теңге. Полицейлер ізін суытпай 20 жастағы қос ұрыны ұстады. Олар өз қылмысын мойындады. Қыздың жалғыз тұратынын білген жігіттер жоспар құрып, тонаған. Заттай дәлел тәркіленді. «Ұрлық» дерегі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 191 бабы бойынша соталды тергеу жүргізілуде. Полиция Басқармасы күдіктілердің өзге де қылмыстарға қатысын тексеріп жатыр.