Жат ағымның жетегінде кеткен дәрігер

ашық дереккөз

10 жылдық еңбек өтілі бар реаниматолог-анестезиолог жат ағымның жетегінде қалай кетіп қалғанын өзі аңғармай қалған. Жасұлан Ысқақов 37 жаста. Өз мамандығын жақсы меңгерген білікті дәрігер Ресей, Германия сынды елдерде тәжірибеден өткен. Ол білімді, білікті, көп оқыған. Жасұланның темір торға тоғытылуына не себеп болды? Бұл туралы LIFE09 ақпараттық агенттігінің тілшісі дайындаған бейнематериалдан көріңіз!

 Кейіпкеріміз 2018 жылы әлеуметтік желіде тыйым салынған ақпарат таратқаны үшін «Діни алауыздық тудыру» бабы бойынша істі болды.

 

«Мен өз пікірімді білдірдім. Бірақ ол кезде жазбам «діни алауыздық тудырушы» екенін білмедім. Кей әрекетті ойланбай жасайсың ғой. Сол кезде түсіндім, «Айтылған сөз – атылған оқ» екенін. Қазір сол шалыс басқан қадамым үшін жазамды өтеп отырмын», – дейді дәрігер.

Ол бес жарым жылға сотталды. Жазасын өтеу мерзімінің аяқталуына 2 жылдай қалды.

Жасұлан Ысқақов Исламды 2008 жылдан бастап тереңірек зерттей бастаған. Дінді интернет арқылы үйренемін деп, сәләфи ағымына ілесіп, от басты.

Кейіпкерміздің бала-шағасы бар. Жолдасы жиі келіп тұрады. Алайда балаларын көрмегеніне біраз болған.

Бостандыққа шыққан соң туған қаласы Жезқазғанға барып, мамандығы бойынша жұмыс жасап, адам жанына араша болуды армандайды.