С.Сматаев: К.Мәсімовті «сатқын» дегенім үшін екі баламды жұмыстан шығарып жіберді

ашық дереккөз

 Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Софы Сматаев екі министрлікте қызмет істеп жүрген ұлы мен қызын Кәрім Мәсімов бір-ақ күнде жұмыстан шығарып жібергені туралы айтты.Ол бұл туралы фейсбуктегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық порталының тілшісі .

Жазушы кейінгі уақытта денсаулығының нашарлағаны жайлы жиі жазып жүр. Сондай-ақ ол әлеуметтік желіде отбасы жайлы да сөз қозғады.

«Құдайға шүкір екі ұл, бір қыз, төрт немерем бар. Бәрі университет тәмамдаған мамандық иелері. Қызым университеттен соң Кимепте ағылшынша оқып, сонда ағылшын тілінде сабақ та берген. Кейінде екі министрлікте қызмет істеп жүрген ұл, қызымды Кәрім Мәсімов бір-ақ күнде жұмыстан шығарып жіберген- еді. Оған себеп – менің «Қ.Мәсімовтың Қытай мен Ресейдің жоғын жоқтап, қазақ мүддесін аяққа таптап отыр» деген мақаламның жарық көруі еді. Үш балам да мемлекеттік қызметке маңайлатпаған соң, аулақтанып қалып, тиіп-қашты шаруамен күн көріп жүр.  Барселонадан оқу бітіріп келген немеремді қызметке алуын сұрап елбасыға хат та жазғам. Назарбаевтың «тапсыруымен» қала әкімі болған Бауыржан Байбек мырза немереме Ұлттық Сарайдың аула сыпырушысының (дворник) айлығы 35 мың орынбасарының «лауазымын» ұсынып, мазақтағандай  төбемнен басып, төмен тұқыртқан. Иә, бұл менің отбасымның өзгелерден озбаған да, қалмаған да күйі ғана», – деп жазды қаламгер.