Осакаров ауданының атауы Сарыбел болып өзгертіледі

Ашықдереккөз

Қарағанды облысының Осакаров ауданының атауы Сарыбел болып өзгертіледі деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігінің тілшісі.

1

Үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясы осындай шешім қабылдады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми Facebook парақшасында жазды. 
2

Жергілікті тұрғындар Сарыбел тарихи атауын қайтару мәселесін 20 жыл бойы көтеріп келген болатын.

«Қоғамда ономастика мәселелерінің әлеуметтік маңызы зор. Барлық ұсыныстар сараптамалық және ғылыми орта өкілдерінің, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың қатысуымен қаралады. Соңғы уақытта комиссия бірінші кезекте азаматтардың пікірін ескеріп, бірқатар маңызды шешімдер қабылдады», - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 2022 жылғы 15 маусымда Осакаров ауданында аудан атауын Сарыбел деп өзгерту ұсынысын талқылау бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Жиынға қатысқандардың көпшілігі ұсынысты қолдаған болатын.