Қарағанды облысында экс-депутаттың ұлы 9 жылға сотталды

ашық дереккөз

Қарағанды ​​облыстық мәслихаты экс-депутатының ұлы екі адамды қағып өлтіргені үшін 9 жылға сотталды деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттінің тілшісі.

Қарағанды ​​облыстық мәслихатының экс-депутаты Даниил Боровиковтың ұлы жол ережесін бұзып, соның салдарынан 2 адам көз жұмған. Жас жігіт 9 жылға сотталды. Бұл туралы Теміртау қалалық соты хабарлады. 

Теміртау қалалық сотының судьясы Даниил Боровиковтың ұлының кінәсі дәлелденгенін мәлімдеді.

Сот сотталушыны кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын ең төменгі қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтеу туралы үкім шығарды. Сондай-ақ сот оны 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырды, – деді судья.

Сот сотталушыдан жәбірленушілердің пайдасына жалпы сомасы 27 миллион теңгеден астам моральдық және материалдық шығынды өндіріп берді. Сондай-ақ сот осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген полиция қызметкерлеріне және сотталушының адвокаттарына қатысты екі жеке ұйғарым шығарды.

Еске салсақ, 2020 жылдың 11 желтоқсанында саяжай бағытындағы жолда Ford және Kia Rio көліктері соқтығысты. Kia жүргізушісі 66 жастағы зейнеткер Владимир Крутько мен оның 6 жасар немересі Арина Борзилова оқиға орнында қайтыс болды.Тергеудің мәліметінше, сотталушы қарсы жолаққа шығып кетіп, көлікпен соқтығысқан. Жолды қардан тазаламағаны үшін жол компаниясына айыппұл салынды.