Теміртауда 6 бала тірідей жанып кете жаздады

LIFE09

Теміртауда 6 қыз бала тірідей жанып кете жаздады деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық порталының тілшісі. Оқиға 19 шілдеде көпқабатты үйлердің бірінде болған.

Қалалық өрт сөндіру қызметіне 13:20-да хабарлама түскен. Қызметкерлер барғанда 7-қабаттағы 2 бөлмелі пәтерде 2 шаршы метр ленолеумнің жанғаны анықталды. Аналарының айтуынша, балаларды үйдің үлкеніне тапсырып, дүкенге кеткен.

Терезеден шығып жатқан түтінді көрген көршілері оның ұялы телефонына хабарласқан. Құтқару қызметі келгенше тұрғындар бірлесіп өртті сөндірді. 2013, 2014, 2015, 2016, 2018, 2019 жылғы 6 қыз ауруханаға тексеруге жіберілді. Оқыс оқиғаға балалардың темекі тұтатқышымен ойнауы себеп болған.

Қарағанды облыстық ТЖД балаларды құтқарып қалған тұрғындарға алғыс білдіріп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керегін еске салды.