6 жастағы туған қызына зорлық көрсеткен педофил-әке бостандықта жүр

Дина Смайылованың фейсбук парақшасынан алынды

Жағаұстатар жағдай Алматы қаласында болған. Араққа сылқия тойып алған Амангелді Жақыпов экс-әйеліне келіп, оны жуынатын бөлмеде күштеп зорлайды. Күйеуі шығып кеткен соң қорланған әйел балалар қорқып кетпесін деп зорлық белгілерін жуып-шаяды. Сол уақытта мас азаматтың көзі 6 жастағы қызына түседі. Арам ойын іске асырмақ болған еркек баланың үстіне тыр жалаңаш күйі жатып алған. Душтан шыққан әйел бұл көріністен шошып кетеді. Қызын құтқармақ болып асүйге жүгірген. Қолына түскен затпен еркекті ұрғылай бастайды. Нәтижесінде, жарақат алған зорлықшы ауруханаға, ал баласын қорғамақ болған ана түрмеге аттанды. Бұл туралы Немолчи қорының жетекшісі Дина Смайылова өз парақшасында жазды.  Оның айтуынша, бұл жағдай алғаш рет емес. Анықталғандай, 2020 жылы әйелі душта болған сәтті пайдаланып педофил 4 жасар қызының үстіне ішкиімсіз жатып алған. Бұл жағдайдан кейін жұбайлар ажырасқан. Ол кезде әйел балаларының әкесін сотқа бермеген. Арақтың кесірінен есін білмеген шығар деп түсіністікпен қараған. Енді соның салдарын тартып отыр дейді қор белсендісі.

1

Дина Смайылованың айтуынша, педофил әке емделіп шыққан. Қазір Шымкентте.  Жылжымайтын мүлкін анасының атына аударып жатыр. Қор жетекшісі Полиция қызметкерлерінің әрекетіне таң.

«Неге зорлықшы әлі бостандықта тайраңдап жүр? Неге баласын қызғыштай қорғаған ана түрмеде отыр?! Әділдік қайда?» – деп күйінеді Дина Смайылова.

Қызын педофилден арашалап қалған Жанатқа қатысты петиция жарияланды. Бұл істі Мемлекет басшысы өз қадағалауына алса дейді белсенділер.